Жеңіл атлетика: Қазақстанда өтуі тиіс болған Азия чемпионаты бір жылға шегерілді

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтанда өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, омикрон штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді», - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс болған.