Кирилл Герасименко ITTF рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады

Кирилл Герасименко ITTF рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады
olympic.kz

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) қаңтар айына арналған әлемдік рейтингті жариялады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бірінші және екінші орынды қытайлықтар Фан Жендонг пен Ма Лонг өзара бөліскен. 

Үшінші орынға бразилиялық Уго Кальдерано көтерілді. 

Ал қазақстандық Кирилл Герасименко 43-ші сатыдан 35-орынға көтерілді. 

Айта кетелік, ITTF ережесі бойынша 2021 жылы өте аз ойын өткізген спортшылар рейтингте бірден төменге сырғиды.