Бейжің Олимпиадасының 5 ақпан күнгі жарыс кестесі

Бейжің Олимпиадасының 5 ақпан күнгі жарыс кестесі
Olympic.kz

Бейжіңдегі ойындардың бірінші жарыс күнінде Қазақстан бірден бес спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бағдарламаны отандық тұғырдан секірушілер Сергей Ткаченко мен Данил Васильев орта тұғыр (К-95) біліктілігінде ашады. Біздің жігіттер негізгі айналымға шығу үшін топ-50-ге енуі керек. 

Чжанцзякоудағы жаңа стадионда шаңғышылардың алғашқы жүлделерін скиатлонда қыздар сарапқа салады. Біздің құрамымызды бапкерлер әлі жариялаған жоқ. 

Сонымен қатар конькиші Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта жүлде үшін таласқа түседі. 

Сондай-ақ могулдан ерлер арасында екінші біліктілік, содан кейін финал болады. Алғашқы әрекетте шешуші кезеңге өте алмаған Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхердке қолдау көрсетеміз. 

Кешке шорт-трекшілер 1000 метрге алдын ала кезең жарыстарын өткізеді. Сонымен қатар біздің аралас құрама тарихи медальді бағдарламаның жаңа түрінде алуға тырысады. Яна Хан мен Ольга Тихонованың қатысатыны белгілі. 

Сондай-ақ кёрлингтен аралас жұптық айналым турнирі мен хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады. Шанашылар жарыс жолына шығады, биатлоннан аралас эстафета және әйелдер арасында сноуборд-слоупстайлдан іріктеу өтеді.

5 ақпан кестесі:  

Тұғырдан секіру

12:20 Іріктеу. Орта тұғыр К-95. Ерлер 

Шаңғы жарысы

13:45 Скиатлон (7,5 км/7,5 км). Әйелдер 

Конькимен жүгіру спорты

14:30. 3000 м. Әйелдер 

Фристайл

16:00 Могул. Екінші іріктеу. Ерлер

17:30 Могул. Финал. Ерлер 

Шорт-трек

17:38 1000 м Ерлер. Алдын ала кезең

18:23 Аралас эстафета. Ширек финал

18:53 Аралас эстафета. Жартылай финал

19:26 Аралас эстафета. Финал