Сноуборд-слоупстайлдан 2022 жылғы Олимпиада чемпионы анықталды

Сноуборд-слоупстайлдан 2022 жылғы Олимпиада чемпионы анықталды
iSport.ua

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер сноуборд-слоупстайлдан сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бағдарламаның бұл түрінде канадалық Макс Парро (90,96 ұпай) жеңіске жетті. Күміс қытайлық Су Иминге (88,70) бұйырса, Канаданың тағы бір өкілі Марк МакМоррис (88,53) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сноуборд. Слоупстайл. Ерлер

1. Максенс Парро (Канада) – 90,96

2. Су Имин (Қытай) – 88,70

3. Марк Макморрис (Канада) – 88,53

4. Редмонд Джерард (АҚШ) – 83,25

5. Эмилиано Лауци (Италия) – 80,01

6. Крис Корнинг (АҚШ) – 65,11