Биатлоншы Александр Мухин Бейжің Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады

Биатлоншы Александр Мухин Бейжің Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады

Бүгін Бейжің Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында 12,5 шақырымдық із кесу жарыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған бағдарламада Қазақстан намысын Александр Мухин қорғады.

Өкінішке орай, отандасымыз жарысты 57-ші болып аяқтады.

Бұл Мухиннің Бейжің Олимпиадасындағы соңғы мүмкіндігі, яғни соңғы жарысы еді. Алайда ол үздіктер қатарынан көріне алмады. Бұл сында француз биатлоншысы Квентин Фийон Мейле бас жүлдені қанжығасына байласа, күміс медальға норвегиялық Тарджей Бое қол жеткізді. Үздік үштікті ресейлік Эдуард Латыпов жеңіп алды.

Биатлон. Іздеу, 12,5 км.

Ерлер

1. Квентин Фийон Мейле (Франция) - 39.07.15

2. Тарджей Бое (Норвегия) +28,6

3. Эдуард Латыпов (Ресей) +35,3 ...

57. Александр Мухин (Қазақстан) + 8:37,5