Конькиші Екатерина Айдова Бейжіңдегі 500 метрлік жарыста жиырмасыншы болды

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының мүшесі Екатерина Айдова 500 метрлік жарыста бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол аталған қашықтықты 38.54 секундта жүгіріп өтіп, 20-орынға табан тіреді. 

Бұл бәсекеде американдық Эрин Джексон (37.04) топ жарды. Күміс жүлдені жапондық Михо Такаги (37.12), қоланы ресейлік Ангелина Голикова (37.21) жеңіп алған.