Уысымыздан сырғып кеткен медаль: Абзал Әжіғалиев «Хабар 24» арнасына сұхбат берді

Қазақ елінің үміті Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасын төртінші орынмен аяқтады. Шорт-трек шебері жүлдеге сынық сүйем қалғанда тоқтады. Бүгін Абзал 500 метрлік сайыста финалға дейін жетіп, медальға таласқан еді. Алайда жерлесіміздің жолы болмады. 

Жандос Айтбайұлы, тілші:

- Шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев жүлделі орынға бір табан жетпей қалды. Бірақ қазақ ұлы үлкен ерлік жасады. Асқазан жарақатынан кейін 8 ай бойы үлкен жарыстардан шет қалған Абзал аз ғана уақыттың ішінде бабына келіп үлгірді. Ел сенімін ақтау үшін ерінбей еңбек етіп, шүмектеп тер төкті. Еңбегі еш кеткен жоқ. Кіл мықтылармен бірге финалға жолдама алды. Өкінішке орай, қолаға қол созым жер қалғанда қарсыласынан айналып өте алмады. Жарыстан кейін сұхбат берудің қаншалықты қиын екенін білсе де Абзал біздің өтініштен бас тартқан жоқ.

Абзал Әжіғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:

- Қазақ ұлдарын шың басына шығарсам деп армандайтын Мәдіғали Қарсыбеков ағамыздың да өкініштен өзегі өртеніп тұрғанын ұқтық. Бас бапкердің де бір ауыз пікірін сұраған едік.

Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

Бүгін Бейжіңде шетелдік әріптестеріміз шорт-трек шеберлеріміздің өнерін бас бармақпен бағалап жатты. Яғни Абзал мен Әділдер қазақ ұлдарының да қысқы спорт түрлерінен аласы бар екенін күллі әлемге тағы бір мәрте паш етті.

Мәдіғали Қарсыбеков секілді білікті бапкерлерге мүмкіндік беріліп, таланттарымыз тасада қалмаса әлі-ақ топ жаратын күніміз алыс емес.

Жандос Айтбайұлы, Дәурен Жұрхабаев