«Астана» велоспортшылары Испаниядағы жарыста үздік ондыққа енді

«Астана» велоспортшылары Испаниядағы жарыста үздік ондыққа енді

«Астана» шабандоздары алдыңғы ондықта. Велоспорттан да халықаралық жарыстар қайта жанданды. Күні кеше Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтті.

"Вуэльта Андалусия" бәсекесі 5 кезеңге созылды. Осы аралықта 12 команда өкілі 800 шақырымнан аса аралықты бағындырды. Нәтижесінде «Астана» сапындағы Мигель Анхель Лопес үздік үштікті түйіндеді. Ол жарыс жеңімпазынан 15 секундқа қалып қойды. Жалпы есептің 9-шы сатысында тағы бір қазақсандық клуб өкілі Алексей Луценко тұр. Оның көрсеткіші 34 секундқа кем. Бұдан бөлек «Астана» командасынан Симеоне Веласко, Харольд Техада және Евгений Фёдоровтар да бағын сынаған. Бірақ, нәтижелері тым төмен. Ал, тізімнің көш басына нидерландылық Ваут Пульс орналасты.