Қазақ күресі: республикалық турнирде 102 балуан бақ сынады

Елордада жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Боз кілемде 2005-2007 жылы туған балуандар кездесті. Байрақты бәсекеге өңірлерден 100-ден аса спортшы қатысты. Жеңімпаздар Қазақстан чемпионатына қатысу үшін іріктеліп алынады.

Айтулы дода Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Құлекешевтің құрметіне арналған. 

Алтай Бимен, қазақ күресінен ұлттық  құраманың команда басшысы:

– Жасөспірімдер арасындағы алғашқы жарыс сәуір айында ел чемпионаты бар. Соған келген балуандардың бұл алғашқы жарысы болғандықтан. Маңызы өте зор жарыстың. Спорттық тілде айтқанда – алғашқы старт. Балалардың қатысу белсенділігі жақсы.

Шайкенов Серік, ұлттық дәрежедегі төреші:

– Бұл жарыс балаларға жақсы тәжірибе береді. Спорт шебері атағын алады. Бірінші, екінші және үшінші орын алған балуандар. Балаларға стимул.

Ерсайын Жанат, спортшы:

Осы жарысқа бір ай бойы тыңғылықты дайындалдық. Бауырларыма сәттілік тілеймін.