Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогі басталды

Шымкентте стенд атудан Қазақстан кубогі басталды

Сұрмергендер жарысы жанданды. Шымкент қаласында стенд атудан Қазақстан Кубогі басталды.

Алғашқы кезеңге 6 аймақтан 100-ден аса спортшы жиналды. Олар бір апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Санитарлық талаптар қатаң. Жарысқа көрермендер кіргізілмейді. Ел кубогі стенд атудың екі түрі бойынша өтеді. Ал жеңімпаздар ерлер және әйелдер арасында бөлек анықталады.

Ересектермен қатар жасөспірімдер де жарысқа қатысып, шеберліктерін көрсетіп жатыр. Кейін үздік спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады. Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласының құрамалары жақсы нәтижеге қол жеткізді.