Странджа кубогі-2022: Дамир Әбдіқадір танымал өзбекстандықтан жеңіліп, күміс медаль иеленді

Қазақстандық боксшы Дамир Әбдіқадір Болгариядағы «Странджа кубогінің» финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

51 келіге дейінгі салмақтың финалында Әбдіқадір өзбекстандық танымал боксшы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасды. Жекпе-жек Дусматовтың жеңісімен аяқталды — төрешілер кездесуге 5:0 деген есеп тіркеді.

Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің күміс жүлдесін иеленді.