Спорттық жүрістен Омандағы әлем чемпионатына қатысатын атлеттер анықталды

Спорттық жүрістен Омандағы әлем чемпионатына қатысатын атлеттер анықталды
Olympic.kz

4-5 наурыз күндері Оманның Маскат қаласында спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты өтеді. Жарыс 4 наурыз күні таңертең басталады, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Әлемдік додада 60 мемлекеттен мыңнан аса спортшылар бақ сынайды. Төрешілер қатарында халықаралық дәрежедегі 22 маман бар. 

Қазақстан атынан әлем біріншілігіне Якушева Галина, Рыкова Регина, Морозова Кристина, Нұрзат Күнболатұлы мен Тоқсанбаева Ясмина қатысады. 

Қазіргі таңда спортшылар Қырғызстанда жаттығу жиынын өткізуде.