Теннисші Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде үш ай бойы көш бастап келеді

Теннисші Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде үш ай бойы көш бастап келеді
ҚТФ

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чемпиондық кестеде 14 жасқа дейінгілер арасында үш ай бойы көш бастап келеді. Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар. Сондай-ақ қазақстандықтардан Дамир Жалғасбай 33-сатыда, ал Даниэль Тазабеков 111-орында тұр. Бұл елімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас теннисшілердің өсіп келе жатқанын көрсетеді.