Париждегі веложарыста «Астана» командасы үздік ондыққа енуге жақын

Париждегі веложарыста «Астана» командасы үздік ондыққа енуге жақын

«Астана» өкілі ондыққа жақындады. Францияның таулы-қыратты аумағында велокөпкүндік жалғасып жатыр.

Париж-Ницца бәсекесінің бесінші кезеңінде шабандоздар 188 шақырымды жүріп өтті. Мәре сызығын ең бірінші болып американдық Брэндон Макналти кесті. Ол аталған аралықты 4 сағат 53 минут 30 секундта бағындырды. «Астана» спортшылары арасынан ең тәуір көрсеткішке Давид Де ла Крус қол жеткізді. Ол кезең қорытындысы бойынша 26-сатыға жайғасты. Ал жалпы есепте 12-орынға көтерілді. Соңғы тізімде словениялық Примож Роглич топ бастап тұр. Айтпақшы, жарақатына байланысты қазақстандық клубтың қос мүшесі жарыстан шығып қалды. Қалғандарынан үмітті үзбейміз. Өйткені алда тағы 3 кезең бар.  Париж-Ницца велокөпкүндігі 14 наурызға дейін жалғасады.