Ақтауда жастар садақ атудан сайысқа түсті

Ақтауда жеткіншектер мен жастар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсті. Ұлттық спорт жарысы «Mangystau Nauryz Fest-2022» жастар фестивалі аясында өтіп отыр.

Ашық турнирге Жаңаөзен және 5 ауданнан 60-қа жуық мерген келген. Ұл-қыздар үш кезең бойынша сынға түсіп, түрлі қашықтықтан нысанаға 5 жебеден атты. Көздегені мүлт кетпеген жеңімпаздарға сыйлық бар. Айта кетейік, Маңғыстау облысында 2020 жылы дәстүрлі садақ ату федерациясы ашылған.  Қазір спорттың осы түрімен бір мыңға тарта адам жаттығады.

Мөлдір Сәуірбай, жарысқа қатысушы:

- Осыған дейін 5 жарысқа қатыстым. 2-уі республикалық жарыс. Бұл спорт өзіме ерекше ұнайды. Садақ атудың өзі бір сүннет болып табылады. Сол сүннетімізді жаңғыртып жүрген жастармыз.

Сәнім Мұратова, өңірлік дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:

- Қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша 5 мектеп ашылды. Әр мектепте 100 баладан, 150 баладан. Қазір сұраныс өте көп. Күннен күнге бала саны көбейіп келе жатыр.