Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты: аралас эстафета бойынша жеңімпаздар белгілі

Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты: аралас эстафета бойынша жеңімпаздар белгілі
Иллюстративті фото / blogspot.com

Щучинскте шаңғы жарысы бойынша Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Olympic.kz ел біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімін ұсынады.

Аралас эстафета бойынша Ақмола облысының командасы топ жарды. Қостанай облысының командасы екінші орынға жайғасты. Ал Ақмола облысының екінші құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, аталған санат бойынша барлығы 12 команда жарыс жолына шықты.

Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионаты 28 наурызға дейін жалғасады.