Қазақстандық файтер UAE Warriors турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер UAE Warriors турнирінде жеңіске жетті

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Таксим Забитов UAE Warriors (БАӘ) турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Забитов бүгін қырғызстандық Нұржаман Ешбаевқа қарсы төбелесті. Жекпе-жекте қазақстандық төрешілердің шешімімен аяқталды.

Айта кетейік, боксшының ісімен танымал қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов айналысады.