Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізімі

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрамалар тізімі
Getty Images

Канада құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысады.

Әлем біріншілігіне іріктеу турнирі 2019 жылдың маусымында басталып, 2022 жылдың маусымында аяқталады. Ал Еуропада негізгі цикл 2021 жылдың қарашасында мәресіне жетті. Бұл туралы qazaqsporty.kz сайтына сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.

Құрамалар тізімі:

  1. Катар – жарысты ұйымдастырушы
  2. Германия – Еуропадағы іріктеуде J тобының жеңімпазы (2021 жылдың 11 қазаны)
  3. Дания – Еуропадағы іріктеуде F тобының жеңімпазы (2021 жылдың 12 қазаны)
  4. Бразилия – Оңтүстік Америкада алғаш болып жолдама алды (2021 жылдың 11 қарашасы)
  5. Бельгия – Еуропадағы іріктеуде Е тобының жеңімпазы (2021 жылдың 13 қарашасы)
  6. Франция – Еуропадағы іріктеуде D тобының жеңімпазы (2021 жылдың 13 қарашасы)
  7. Хорватия – Еуропадағы іріктеуде Н тобының жеңімпазы (2021 жылдың 14 қарашасы)
  8. Испания – Еуропадағы іріктеуде В тобының жеңімпазы (2021 жылдың 14 қарашасы)
  9. Сербия – Еуропадағы іріктеуде А тобының жеңімпазы (2021 жылдың 14 қарашасы)
  10. Англия – Еуропадағы іріктеуде І тобының жеңімпазы (2021 жылдың 15 қарашасы)
  11. Швейцария – Еуропадағы іріктеуде С тобының жеңімпазы (2021 жылдың 15 қарашасы)
  12. Нидерланд – Еуропадағы іріктеуде G тобының жеңімпазы (2021 жылдың 16 қарашасы)
  13. Аргентина – Оңтүстік Америкадағы іріктеуден екінші орынмен шықты (2021 жылдың 16 қарашасы)
  14. Иран – Азияның А тобында алғаш болып жолдамаға қол жеткізді (2022 жылдың 27 қаңтары)
  15. Корея – Азияның А тобында екінші болып жолдамаға қол жеткізді (2022 жылдың 1 ақпаны)
  16. Жапония – Азияның В тобында жолдама алды (2022 жылдың 24 наурызы)
  17. Сауд Арабиясы – Азияның В тобында жолдама алды (2022 жылдың 24 наурызы)
  18. Уругвай – Оңтүстік Америкадағы іріктеуден сәтті өтті (2022 жылдың 25 наурызы)
  19. Эквадор – Оңтүстік Америкадағы іріктеуден сәтті өтті (2022 жылдың 25 наурызы)
  20. Канада – Солтүстік Америкадағы іріктеуден өтті (2022 жылдың 28 наурызы).