Қазақстанның хоккей чемпионаты аяқталуға жақын

Қазақстанның хоккей чемпионаты аяқталуға жақын

Хоккейден ішкі біріншілік аяқталуы жақын. Ел чемпионатының плей-офф кезеңінде 4 команда финал жолдамасына таласып жатыр. Олар бүгінге дейін өзара 4 матчтан өткізіп үлгірді.

Мәселен, көкшетаулық Арлан сырт алаңда атыраулық Бейбарысты ұтты. Қонақтар сапынан Маркелов, Лукин және Старцевтер мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 4:3. Ал қос команда арасындағы кездесулер сериясы 2:2 болып тұр. Енді олар 6 сәуірде Көкшетауда жолығады және бұл тартыс 1 команданың 4 жеңісіне дейін жалғаса береді. Бұған паралель қарағандылық Сарыарқа мен елордалық Номад өзара мықтыны анықтапуда. Бұл серияда қарағандылық клуб 3:1 еcебімен алда келеді. Соңғы матч Нұр-Сұлтан қаласында өтті және 2:4 есебімен аяқталды. Ел чемпионатының жалпы қорытындысы мамырдың басында белгілі болады.