Франция елшіліктері Париж Олимпиадасы қарсаңында эстафета өткізді

Франция елшіліктері Париж Олимпиадасы қарсаңында эстафета өткізді

Олимпиадаға алғашқы қадам. Париждегі жазғы ойындардың басталуына 2 жылға жетер-жетпес аралық қалды.

Осыған байланысты Франция елшіліктері арнайы эстафета ұйымдастырды. Оған әлемнің 41 елі қатысты. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Яғни елордадағы жеңіл атлетика манежінде жүзден аса оқушы жиналып, жалпы физикалық жаттығулар жасады. Кейін әуесқой жүгіріске қатысты. Шараға отандық спортқа жауапты мамандар мен Олимпиадада ел намысын қорғап жүрген спортшылар да келді. Олар алдағы ойындардың маңыздылығы мен оған дайындық барысы жайында сөз қозғады.

Айта кетейік, Франция осымен үшінші мәрте байрақты бәсекені қабылдағалы отыр. 1900 және 1924 жылғы Олимпиадалар да осы елде өтті.