Әр тайм 50 минуттан: ФИФА ресми мәлімдеме жасады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) футбол матчтарында уақыттың көбеюіне қатысты жауап берді. Осыған дейін италиялық басылым кездесудің 100 минутқа дейін созылуы мүмкін деген ақпарат таратқан еді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жалған ақпарат таратқандардың құлағына алтын сырға. ФИФА ұйымы 2022 жылы өтетін әлем чемпионаты мен басқа да жарыстарда ойынның уақытын көбейту туралы жоспарында жоқ. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, биылғы әлем біріншілігі Катарда 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығы өтеді.