Билли Джин Кинг кубогі: Юлия Путинцева Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді

Билли Джин Кинг кубогі: Юлия Путинцева Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді

Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогінде Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы кездесуде біздің құрамаға алғашқы жеңісті сыйлады, деп жазады Vesti.kz

Бұл құрамалар арасындағы алғашқы кездесуде Юлия Путинцева мен неміс қызы Анжелика Кербермен кездесті. 

Ойынның бірінші сетін 3:6 есебімен Кербер өз пайдасына аяқтады. Бірақ қалған екі сетті 6:3, 6:2 есебімен Путинцева жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығарды. 

Енді екінші ойында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лаура Зигемундқа қарсы ойнайды. 

Айта кетейік, ертең, 16 сәуір күні Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы ойындар тағы болады. Нұр-Сұлтандағы Ұлттық теннис орталығында алдымен екі жекелей ойын, кейін бір жұптық ойын өтеді.