Азия чемпионаты: Шымкентте балуандар марапатталды

Азия чемпионаты: Шымкентте балуандар марапатталды

Күрес түрлерінен Моңғолияда өткен Азия чемпионатында топ жарған балуандарды Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқарамасы марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сала басшысы Бауыржан Тұманбаев құрлық чемпионы атанған Мейіржан Шермағанбет пен Әлімхан Сыздықовты құттықтады. Балуандар мен бапкерлерге қаржылай сыйақы берілді. Қала спортының басшысы балуандардың толағай табыстарына ризашылығын білдіріп, бұл жеткістікпен тоқтап қалмауын жеткізді. Ендігі мақсат Азия ойындары екенін баса айтты. Балуандар да Азия ойындарында осы жетістіктерін қайталу үшін барын салатынын жеткізді.