Көгалдағы хоккей: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу сынына қатысады

Көгалдағы хоккей: Қазақстан құрамасы Азия ойындарының іріктеу сынына қатысады
Olympic.kz

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарына іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық додаға жолдама Тайландта 5-15 мамыр аралығында өтетін бәсекеде сарапқа салынады. 

Қазақстан құрамасы «А» тобында Оман, Тайланд, Гонконг және Өзбекстан құрамаларымен бірге бақ сынайды.  

Ал «В» тобына  Бангладеш, Шри-Ланка, Индонезия және Сингапур құрамалары түскен. команды Бангладеш, Шри-Ланки, Индонезии и Сингапура.

Айта кетерлігі, Азия ойындарының жолдамасы үздік танылған алғашқы алты командаға үлестіріледі.