Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» финалға жолдама алды

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» финалға жолдама алды
sport-express.ru

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойында «Вильярреалды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Ағылшын клубы бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен ұтылып жатқан, бірақ екінші таймда Фабиньо, Луис Диас және Садио Маненің голдарының арқасында жеңіске жетті.

Бірінші ойын 2:0 есебімен «Ливерпульдің» пайдасында аяқталды. Юрген Клопп шәкірттері жалпы есепте «Вильярреалды» 5:2 есебімен жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Екінші финалист «Реал» — «Манчестер Сити» жұбында анықталады. Екінші ойын 4 мамырда өтеді, бірінші ойын 4:3 есебімен ағылшындар ұтқан.

Еске салайық, финалдың өзі 28 мамырда Парижде өтеді.