Анхель Ди Мария әлем чемпионатынан соң Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайды

Анхель Ди Мария әлем чемпионатынан соң Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайды
sportarena.com

Анхель Ди Мария Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтайды. 

«Осы чемпионаттан соң кетуге қолайлы уақыт болады. Қазір көптеген балалар халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүр. Олар біртіндеп осы деңгейге лайық екендігін дәлелдейді», – деді Ди Мария. 

34 жастағы жартылай қорғаушы Аргентина құрамасы сапында 121 мач өткізіп, 24 гол соққан.

Әлем чемпионаты-2022 Катарда 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.