Қазақстан шабуылшысы Ұлттар лигасында Роналдудан жоғары тұр

Қазақстан шабуылшысы Ұлттар лигасында Роналдудан жоғары тұр

Қазақстан футбол құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Ұлттар лигасының сұрмергендері арасында көш бастады.

Үздік бомбардирлер тізімінде үш гол соққан «Астана» шабуылшысы қазіргі уақытта көшбасшылықты бірден бірнеше ойыншымен бөлісті.

Айымбетов үздік сұрмергендер арасында Хвича Кварацхелия (Грузия), Сердар Дурсун (Түркия), Эрлинг Холен (Норвегия), Янис Икауниекс (Латвия) және Анастасиос Бакасетас (Греция) кейін жеке көрсеткіштері бойынша төртінші орында тұр.

Турнирдің үшінші турында жерлесіміз Беларусь (1:1) қақпасына гол салды. Бұл гол отандасымызға норвегиялық Эрлинг Холланд (3 гол) және «Алтын доптың» бес дүркін иегері, португалиялық Криштиану Роналдудан (2 гол) жоғары сатыға көтерілуде мүмкіндік берді.

Еске салсақ, ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы Әзербайжан (2:0) және Словакияны (1:0) ұтты. Ал Беларусь командасымен 1:1 есебімен тең түсті.