ҚТФ әмбебап теннис рейтингін енгізді

ҚТФ әмбебап теннис рейтингін енгізді
ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы теннис ойынына көп адам тарту мақсатында ITF-тің әлемдік теннис нөмірі (WTN) жаңа рейтингтік жүйесінің іске қосылуына атсалыспақ.

Жаһандық теннис рейтингісінің жаңашыл жүйесі адамдардың жасына, жынысына, қабілетіне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, теннис ойнауына көбірек көңіл бөлуге бағытталған.

«Халықаралық теннис федерациясы (ITF) ойыншылардың қолдануға оңай әрі тегін рейтинг жүйесін жасады. WTN - бұл әуесқойлар үшін ғана емес, ең алдымен ұлттық рейтинг негізінде автоматты түрде халықаралық рейтингке ие болатын және WTN негізінде іріктеу арқылы шетелдегі турнирлерде ойнай алатын ойыншыларға арналған жүйе. Жүйе жекелей сын нөмірін және жұптық сынға нөмір ұсынып, ойыншыларды іріктеу үшін саланың жетекші технологиясын қолдана отырып, онымен бәсекелесу қабілеті ұқсас қарсылас табуға көмектеседі. ITF әлемдік теннис нөмірінің мақсаты - теннисті қолжетімді ету», - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Қазақстан жаһандық рейтингтің аталған жаңа революциялық жүйесін іске қосқан елдер қатарына кірді; қазіргі уақытта WTN рейтингтік жүйесі АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Малайзия және басқа елдерде іске қосылған.

Қазақстан теннис федерациясы