Айдос Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Айдос Ербосынұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Prosports.kz.

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық Айдос Ербосынұлының жақын арада әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Компания Instagram желісіндегі парақшасында «Чемпиондық жекпе-жектің ауылы алыс емес», – деп жазды.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы супер орта салмақтағы WBA рейтингісінде бірінші орында тұр. Ол кубалық Давид Моррельге тиесілі WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер. Бұл салмақта супер чемпион атағы мексикалық Сауль Альвареске тиесілі, ол қыркүйекте тағы бір отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.