Е. Рыбакина: Туған жерді таңдаған жоқпын

Е. Рыбакина: Туған жерді таңдаған жоқпын

Туған жерді таңдаған жоқпын. Қазақстандық Елена Рыбакина қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты пікір білдіріп, одан саяси астар іздемеуді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рыбакина 2018 жылдан бері көк тудың асында өнер көрсетеді.  Тіпті, Қазақстан атынан олимпиада ойындарына қатысып, алдыңғы төрттіктің қатарынан табылды. Бұл да еліміз үшін тарихи жетістік болды. Енді 23 жастағы спортшы жылдың басты бәсекесі Уимболдан турнирінде топ жарып отыр. Ол финалда тунистік Онс Жаберді ұтты. Кейінгісі әлемдік рейтингте 2-ші тұр. Еленаның көрсеткіші – 23-орын. Соған қарамастан жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Соның арқасында екі млн фунт стерлинг көлемінде сыйақы алды. Қазіргі валюта бағамамын бұл шамамен бір млрд теңгені құрайды.

Елена Рыбакина, жарыс  жеңімпазы:

- Әу бастан Қазақстан атынан шығып жүрмін. Бұны бұған дейінгі сұхбаттарымда да айттым. Оны бұрмалап, басқаша жеткізетіндер бар. Бірақ оған ештеңе істей алмаймын. Айтпағым, мен туған жерді таңдаған жоқпын. Спорттық мансабымды бір жолға қойып, биік белестен табылуыма, әрине, қазақстандық тараптың  қолдауы түркі болды.

УИМБЛДОН-2022: ДЖОКОВИЧ ТОП ЖАРДЫ

Әйлдерден кейін ерлер арасындағы үздік теннисші анықталды. Уимболдан турнирінің финалына бұл жолы сербиялық Новак Джокович пен аустравлиялық Ник Кирьос  шыққан еді. Матч 3 сағатқа созылды және сериялық теннрисші айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 4:6, 6:3, 6:4, 7:6. Бір қызығы бұған дейін Джокович пен Ник екі рет кездесті және екеуінде де аустралиялық теннисші ұтқан.

Айта кету керек, сербиялық спортшы осымен 7-мәрте Уимболдан чемпионы атанып отыр. Үлкен дулыға турлерінде 21-рет топ жарды.

Қалыптасқан геосаяси жағдайларға байланысты биылғы бәсекеге Ресей мен Беларусь спортшылары қатыспады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 40 млн 350 мың фунтты құрады

Новак Джокович, жарыс жеңімпазы:

- Бұл жеңістің жөні бөлек. Алдыңғыларымен салыстыруға келмейді. Өйткені, ағымдағы жыл мен үшін сәтті бастала қойған жоқ. Әсіресе, моральдық және психологиялық тұрғыда өзімді жайсыз сезіндім. Физикалық бабым да дұрыс болмады. Бірақ осы жолы барлығын қалпына келтіріп,  жеңіске жеттім.

ШӘРІПОВА АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы енді ММА алаңында өнер көрсетеді. Бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Фирузаның қатысумен өтетін жекпе-жек 30 шілдеде елордада ұйымадстырылады. «Осы жарысқа қатысу жөнінде наурыз айында шешім қабылдадым. Дубайдағы  халықаралық EXPO көрмесінде Alash Pride KZ клубының президентімен кездесіп, келісімге келдік» дейді Фируза. Бірақ әзірге оның қарсыласы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова ең соңғы рет шаршы алаңға былтыр желтоқсанда шықты. Ангияның төрінде Ирландилық Кэти Тэйлормен жұдырықтасып, абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Алайда бұл жепе-жекте жерлесіміз есе жіберді. Қазір Фирузаның көрсеткіші 16 жекпе-жек,14 жеңіс.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ 15-ОРЫНДА

Францияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік өтіп жатыр. Бүгін Тур де Франстың 9 кезеңі артта қалды. Соңғы кезең 193 шақырымға созылды. Нәтижесінде Люкембургтік Боб Юнгель топ жарды. Ол аталған аралықты 4 сағат 46 минут 39 секундта бағынндырды. «Астана» өкілдері арасынан ең тәуір көрсеткішке Алексей Луценко қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 58 секундқа қалып, мәре сызығын 16-шы болып кесті. Ал, жалпы есепте Луценко 15-ші тұр. Тізім басына словениялық Тадей Погачар жайғасты. Үздік үштіктегі Йонас Вингегор мен Герайнт Томас көрсеткіштері де алдыңғысымен шамалас. Алда әлі 12 кезең бар. Тур де Франс бәсекесі 24 шілдеге дейін жалғасады.