Халықаралық гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева туристермен шахмат ойнады

Бір өзі он екіге адамға қарсы тұрды. Халықаралық гроссмейстер және Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Гүлісхан Нахбаева бір үстелді екіншісіне ауыстырып, қарсыластарымен шахмат ойнап тамаша шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Теңдессіз ойын бұл жолы  туристер үшін ұйымдастырылды деуге болады.  Енді ол дәстүрге айналуы мүмкін.  

Ерлан Омаров, Туристік орталықтың басшысы:

- Бізде Қазақстандағы өкінішке орай шахмат астанасы жоқ екен. Біз сол бейресми статусты өткен жылы активно жұмыс жасап, «Шымкент – Қазақстанның шахмат астанасы» деген атауды алдық. Әрине ол бүкіл  шахмат федерациясының президентімен арнайы письмо келген бізге. Осы статусты ары қарай жұмысты жандандырайық, тіпті осы шараны ұйымдастыру мақсаты сол. Осы статусты ұстап қалайық.

Бүгінде Шымқалада шахмат ойыны мектеп бағдарламасынада енгізілген. Ол балалардың ақыл-ойын дамытуға мүмкіндік береді.

Әбдіғани Зайнидин, қала тұрғыны:

Маған әкем үйретті. Шахмат – бұл қызық ойын деп. Сондықтан әкем мені бірінші осы курсқа берді. Адамның логикасын, дамуын және де ойлануын жақсартады бұл ойын.

Шахардағы орталық саябақта шахмат фигурасы орнатылған. Оның биіктігі үш метрді құрайды. Осы жерде әуесқойлармен гроссмейстрлер жиналады. 

Гүлісхан Нахбаева, шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы:

Көптеген шахматшылар, көптеген жанкүйерлер келетін болса, біздің Шымкент шахарында әрине бұл жерде сыртқы және ішкі туризмді  дамыта аламыз. Сондықтанда бұл жерде бірлесіп, бірлесіп отырған жұмыстар өте іскерлі болады. Қоғамға пайдалы.

Бұл жолы Гүлісхан Нахбаева Шымкент туризмінің өкілдерін оңайлықпен жеңді. Тек бір ойын тең аяқталды. Ал ерекше байқауды  көрермендер үш жарым сағатқа жуық тамашалады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Катерина Попкова, Самат Нағашбекұлы