Қазақстан кубогінде «Ордабасы» футболшылары «Атырауды» ойсырата жеңді

Қазақстан кубогінде «Ордабасы» футболшылары «Атырауды» ойсырата жеңді

«Ордабасы» Қазақстан Кубогінің топтық кезеңінің 3-турындағы ойында «Атырауды» қабылдап, сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстан кубогы. А тобы 3-тур. 

«Атырау» – «Ордабасы» (Шымкент) – 1:4 (0:2)

Тағы бір кездесуде «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 0:0 есебіне қанағат білдірді. Енді аталған турда 23 шілдеде «Каспий» (Ақтау) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездеседі. Ал 24 шілдеде «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Ақжайық» (Орал) пен «Қызылжар» (Петропавл), «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтаарал» (Түркістан облысы), «Қайрат» (Алматы) пен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары ойнайды.