Қазақстан Польшамен қарымта матч өткізеді

Қазақстан Польшамен қарымта матч өткізеді

«Ракув» елордаға жетті. Польшалық клуб УЕФА конференциялар лигасы аясында жергілікті «Астанамен» жолығады.

Қос команда арасындағы алғашқы матч 5:0 есебімен аяқталған еді. Масқара боп ұтылған «Астананы» отандық спорт сарапшылары сынның астына алды. Срджан Благоевич баптайтын жігіттер енді қарымта матчқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Егер еурокубктағы сәтсіздіктер қайталана берсе Қазақстан УЕФА рейтингінде 9 жыл бұрынғы көрсеткішке төмендеп, антирекорд қайталануы мүмкін. Қазірден бастап кездесу билеттері сатылымға шықты. Бірақ карантиндік талаптардың күшеюіне байланысты жанкүйерлерге маска кию міндеттеледі. Елордадағы матч ертең жергілікті уақытпен 21:00-де басталады.