Таразда мерекеге орай бұқаралық спорттан жарыстар өтті

Таразда мерекеге орай бұқаралық спорттан жарыстар өтті

Таразда Конституция күні мерекесіне орай бұқаралық спорт түрлерінен жарыс өтіп жатыр.

Ауқымды шара бір мезгілде облыс орталығындағы 35 спорт алаңында ұйымдастырылған. 7 мыңнан астам халық қатысқан сайыста асық ату, арқан тарту сынды ұлттық ойындар да қамтылды. Бұқаралық шаралар кешке дейін жалғасады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, арнайы медальдармен марапатталады.

Ибрахим Қағазбек, қала тұрғыны:

- Мерекелік іс-шара өте керемет өтіп жатыр. Жаңа арқан тастыс болды, футбол ойнап жатырмыз. Өте қызық болып жатыр. Енді осындайлар көп болса, бізге жақсы болады да. Қазір футбол болады екінші орынға таласамыз балдармен.