Қазақстандық теннисшілер АТР 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер АТР 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Тарихи жетістік. Қазақстандық теннисшілер алғаш рет АТР 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

Байрақты бәсеке дәл қазір Швейцарияның Базель қаласында өтіп жатыр. Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы ширек финалда Бразилия және Испания спортшыларымен жолығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 7:5, 6:3. Енді ертең қос теннисшіміз Хорватиялық Иван Додиг және америкалық Остин Крайчекпен кездесіп, финал жолдамасын сарапқа салады. Ал жекелей сында тағы бір қазақстандық Александр Бублик сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол жарыстың кезекті күні испаниялық Альберт Рамосты ұтып, шиирек финалға шықты. Қорытынды есеп: 6:3, 6:3. Айта кетейік, Александр әлемдік рейтингте қазір 38, Альберт 40-шы тұр. Бұған қоса, жарысты жалғастырып жатқандар арасында әлемдік рейтингтік үздіктері испаниялық Карлос Алькарас, канадалық Феликс Ожье-Алясим, швейцариялық Станислас Вавринкалар бар. Базельдегі бәсекенің жалпы қорытындысы 30-шы қазанда белгілі болады. Ал, оның жүлде қоры 2 миллион 135 мың еуроны құрайды.