«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңіліп қалды

Қатарынан төртінші жеңіліс.

Елордалық «Барыстың» жолы болар емес. Қазақстандық клуб күні кеше Құрлықтық хоккей лигасы аясында ресейлік «Сібір» командасынан ұтылды. Матч Новосибирск қаласында өтті. Өкінішітісі сол, «Барыс» ойыншылары есеп ашқан еді. Алдымен  Линден Вей мергендігімен көзге түссе, артынша Аркадий Шестаков есеп айырмасын ұлғайтты. Бірақ, Андрей Скабелка баптайтын жігіттер басымдықты матч соңына дейін сақтай алмады. Алаң иелері таразы басын теңестіріп, тіпті алға да шығып үлгірді. Яғни Никита Коротков, Александр Шаров, Вячеслав Основин және Тревор Мерфи соққан шайбалар өз командасына жеңіс сыйлады. Матч соңына қарай Дінмухамед Кайыржан мүмкіндігін сәтті пайладанып, қорытынды есепті 4:3-ке жеткізді. Бұған дейін, «Барыс» Авангард", "Нефтехимик" және "Металлург" командаларынан да осылай жеңілген еді. Салдарынан қазір турнир тізімінде Шығыс Конфедернциясының 5-сатысында тұр және өзінен кейінгі командалармен ұпай көрсеткіштері шамалас. «Барыс» кезекті матчын ертең Ува қаласында жергілікті Салават Юлаевқа қарсы өткізеді.

Сондай-ақ...