Жексенбі күні Алматыда айтулы бокс кеші өтеді

Жексенбі күні Алматыда айтулы бокс кеші өтеді

Жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров  испаниялық Луис Энрике Ромеромен  чемпиондық белбеуге таласады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы күні ережесіз жекпе-жектің мықтысы Арман Әшімов кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегін өткізеді. Бұлардан бөлек  қазақ жастары да шаршы алаңға шығады. Атап айтар болсақ, Елхан Табынбаев Бразилиядан келген Матэус Де Силвамен қолғап түйістірсе, Ангелика Лукас UBO тұжырымдамасы бойынша Танзаниядан келген  Лулу Каягемен шеберлік байқасады. Бүгін жарысқа қатысатын боксшылар баспасөз мәслихатын өткізіп журналистер сауалына жауап берді. Ал әлеуметтік желіде Жанқошты есінен тандырам деп мәлімдеген Испан Луис Энрике бүгін басқаша сөйледі.

Луис Энрике Ромеро, кәсіпқой боксшы:

- Тұраровтың мықты боксшы екенін білем. Әлі бірде-бір қарсыласына ұтылмаған. Сондықтан мен бұл кездесуге үлкен дайындықпен келіп отырмын. Жанқошқа жеңілдеу болады. Өйткені қолдау көрсететін жанкүйерлері бар. Ал мен шетелде жұдырықтасқалы отырмын. Сондықтан маған қиындау болады. Дегенмен жеңіске жету үшін бар күш жігерімді саламын.