Алғашқы таймда Аргентинаның жолы болды

Жұрттың делебесін қоздырған Футбол додасы қызып жатыр.

Финалда Аргентина мен Франция құрамалары кездескен еді. Кімнің бағы жанып, кімнің асығы алшысынан түседі деп алаңдаған төрткүл дүние жұртшылығының назары "Лусаил" стадионында екені анық. Алғашқы таймда аргентиналықтардың жолы болды. ойынның 23, 36-минуттарында қарсы қақпаға гол салды. Оның бірін Месси, екіншісін Анхель Ди Мария соқты. Дегенмен екінші таймда да ойынды сылбыр бастаған Франция аяғында ширады. Мбаппе бас-аяғы бір-бір жарым минутта екі гол салды. Есеп әзірге 2:2. Ойын жалғасып жатыр.