Аргентина ойыншыларының Катардағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Аргентина ойыншыларының Катардағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

41 миллион еуро. Әлем чемпионатында топ жарған Аргентина құрамасы осындай көлемдегі сыйақы алды.

Бұл халықаралық футбол федерациясы тағайындаған ресми қаржылай қолдау. Қатардағы алдапоп аламанының бас жүлдесін Аргентина мен Франция  командаларысарапқа салған болатын. Негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. Қосымша уақытта да тараптар өзара мықтыны анықтай алмады. Амал жоқ, матч соңындағы пенальтилер сериясына жүгінуге тура келді. Нәтижесінде, 4:3 есебімен оңтүістік америкалық құрама жеңіске жетті. Ал, екінші орынға тұрақтаған Франция 29 миллион еуро алатыны белгілі болды. Франция футбол федерациясы оның 30 процентін ұлттық құрамада қызмет ететін мамандарға жұмсайтнын мәлімдеді. Ал қалған қаржы елдегі әуесқой футболды дамытуға бағытталады. Айта кетейік, Қатардағы әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 429 миллион еуроны құрайды.