Қазақстан қоржынында каратэден 26 медаль бар

Қазақстан қоржынында каратэден 26 медаль бар

Қоржынымызда 26 медаль. Оның 10-ы – алтын.

Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында осындай олжамен оралып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Байрақты бәсекені Ташкент қаласы қабылдаған болатын. Жарыстың соңғы күні 61 келіге дейінгілер арасында қазақстандық Әсел Қанай қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Орта салмақтағы Софья Берульцева күміс жүлдеге ие болды. Ерлер арасында ұлттық құрама сапындағы Низамиддин Халматов екінші, ал Нұрқанат Әжіқанов пен Дидар Әмірәлі үшінші орынға тұрақтады. Командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы алтынға қол созды. Ел намысын жоғарыдағы Софья Берульцева, Әсел Қанай, Лаура Әліқұл және Бэлла Самашева төрттігі қорғаған болатын. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Осының арқасында ұлттық құрама жалпы есепте 2-орынға жайғасты. Топ басында жапон қыз-жігіттері. Олар 18 алтын, 9 күміс және 9 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Иран құрамасы түйіндеді.