Динара Сәдуақасова шахматтан күміс медаль жеңіп алды

Динара Сәдуақасова шахматтан күміс медаль жеңіп алды

Қазақ қызы әлем үздіктері қатарында.

Алматыда шахматтың рапид түрі бойынша дүниежүзілік дода аяқталды. Байрақты бәсекеге  50 елден  300-ге жуық қатысушы жиналған болатын. Араларынан қазақстандық Динара Сәдуақасова өте сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Шешуші сында ол қытайлық Тань Чжунъимен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде Тань Чжунъи әлем чемпионы атанды. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шриге бұйырды. Тағы бір қазақстандық Жансая Әбдімәлік жарыс қорытындысы бойынша 5-сатыға тұрақтады. Ал Бибісара Асаубаева 29-орында. Ерлер арасындағы бәсекеде норвегиялық Магнус Карлсен қарсылтарын айқын басымдықпен ұтып, кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Оның еншісінде 10 ұпай бар. Яғни 8 кездесуде жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті және 1-еуінде жеңілді. Соның арқасында 4-мәрте әлем чемпионы атағына ие болып отыр. Ол 2014, 2015 және 2019 жылдары да бас жүлдегің жеңіп алған болатын. Екніші орында германиялық Винсент Каймер болса, үздік үштікті америкалық Фабиано Каруано түйіндеді. Ұлттық құрама спортшылары арасында ең тәуір көрсеткішке Қазыбек Нөгербек қол жеткізді. Ол 8 ұпай жинап, жалпы тізімнің 38-ші сатысына жайғасты.