«Дала қырандары» бірлестігі спорт саласын талқылады
«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі 300 спортшының басын қосып, саладағы түйткілді мәселелерді талқылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанада «Дала қырандарының» орталығы ашылады. Алдағы уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы алаң ашу жоспарланып отыр. Онда коворкинг, жаттығу залдары, кітапхана болады. Яғни жас өрендердің бос уақытын тиімді өткізу мен жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалмақ.
Ербол Мырзабосынов, "Дала қырандары" жастар қоғамдық бірлестігінің директоры:
- Кездесіп проблемаларды анықтап, проблемалар арқылы біз реформаларды бастаймыз. Сол проблемаларды анықтап алғаннан кейін сол жол картасын сызамыз. Оны бәріміз бірігіп, сол жұмысты әзірлейміз. «Дала қырандары» ұйымы сол үшін құрылып отыр. Сол жерде талқыланады. Әр өзгерісті өзімізден бастауымыз керек.