Қазақстандық теннисші Рыбакина жарыстан шығып қалды
Қазақстандық теннисші Австралиядағы WTA 500 турниріне қатысқан болатын. Жерлесіміз алғашқы айналымда америкалық Дэниэль Коллинзді айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші айналымда украиналық Марта Костюкке есе жіберді. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте 7:6 есебмен алға шыққан. Бірақ кейінгілерінде 2:6 және 3:6 есебімен жол берді. Елена Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 21-ші, ал Марта Костюк 69-шы орында тұр. Соған қарамастан Рыбакина ширек финалға шыға алмады. Аделаида қаласындағы жарыс 9-шы қаңтарға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 827 мың АҚШ долларын құрайды.