Ақтөбе облысында спортпен айналысушылар саны өсіп келеді
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында бұқаралық спортты дамыту қолға алынды.
Өлкенің үш бірдей ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы құны 900 млн теңгеден асатын жобаларды биыл толық іске асыру көзделген. Атап айтқанда, Желтау және Қос-естек ауылдарында ангар типті нысан болса, аудан орталығы Бадамшада стандартқа сай екі қабатты ғимарат бой көтереді. Әрі мұнда су спортын дамытуға мүмкіндік беретін бассейн де болады. Бүгінде аудан бойынша 8 мыңнан астам тұрғын бұқаралық спортпен айналысып жүр.
Асхат Айжарықов, Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру және спорт бөлмінің басшысы:
- Қазіргі таңда біздерде ауданда ең сұранысқа иесі мына қысқы уақыттарда шаңғы жарысы. Одан бөлек мына жазғы уақыттарда өте көптеген жарыстар мына президенттік көпсайыс дейміз. Осы жарыстармен айналысатын жастарымыз өте көп. Бұқаралық спорттарды дамыту мақсатында осының ішінде әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайтын болады.