Данияр Елеусінов кәсіби мансабына нұқсан келтірген өзінің менеджерлері екенін айтты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов кәсіби мансабына нұқсан келтірген өзінің менеджерлері екенін айтты.
31 жастағы спортшы әлемдегі әйгілі промоутерлердің бірі британиялық Эдди Хирннен кетіп, әзербайжандық Зия Алиевпен жұмыс істей бастады. Осыдан кейін Данияр 2 жыл ішінде шаршы алаңға тек бір мәрте шығып, чемпиондық жекпе-жек өткізген болатын. Ол 2021 жылы желтоқсанда IBO белбеуін жеңіп алды. Бірақ ұзақ уақыт рингке шықпауы кесірінен автоматты түрде чемпиондықтан айырылды. "Менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эдди Хирнмен ары қарай жұмыс істеуден бас тартты. Содан кейін маған жекпе-жек ұйымдастырмады", - дейді Данияр Елеусінов.