Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA 250 турнирінде ширек финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде ширек финалға жолдама алды.
Жарыстың екінші айналымында жерлесіміз испаниялық Нурия Паррисас-Диасты 6:2 және 6:3 есебімен жеңді. Былтыр қараша айында қос спортшы командалық әлем біріншілігінің топтық кезеңінде кездескен еді. Сол кезде испаниялық теннисші жеңіске жеткен болатын. Енді жартылай финалға шығу үшін Путинцева ресейлік Анна Блинковадан айласын асыруы керек. Соңғысы өз кезегінде әлемнің 26-шы ракеткасы чехиялық Мари Боузкованы турнирден шығарды. Қорытынды есеп, 7:5 және 6:4.