"Қайрат" ФК ойыншысы испаниялық клубта ойнайды
"Қайрат" футзал клубы мен Венесуэла құрамасының қорғаушысы Карлос Санз "Бетис" клубымен келісімшартқа отырды.
Бірақ ол испаниялық ұжымға жалға алу құқымен барады. Келісімшарт мерзімі маусым соңына дейін жалғасады. Айта кеткен жөн, биылғы маусымда 26 жастағы футзалшы алматылық команда сапында сегіз матчта бір гол соғып, Чемпиондар лигасында бес ойынға қатысты. Қазір "Қайрат" Чемпиондар Лигасынан шығып қалған соң, құрамындағы ойыншылар санын қысқартуды жөн көріп отыр. Мұның алдында қазақстандықтар Әзербайжан құрамасының шабуылшысы Вилеламен де қош айтысқан болатын.