«Тоттенхэм» төртінші орынға таласып келеді
Ағылшын премьер-лигасында сайыс қызды. Чемпиондар лигасынан дәмелі команда көп.
Алғашқы төрттіктен орын іздейтіндер қатарында «Тоттенхэм» де бар. 21-ші турда «Фулхэмге» қонаққа барған Антонио Конте шәкірттері маңызды үш ұпайды алып қайтты. Команданың бас мергені Гарри Кейн мергендік танытты.
Ағылшын футболшысы биылғы маусымда 28 ойында алаңға шығып, 17-ші голын соқты. «Фулхэмге» қарсы матчта Кейн «Тоттенхэм» сапындағы 300-ші матчын өткізді. Лондондық клуб осы ойыннан кейін 36 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді. Келесі турда олар «Манчестер ситиге» қонаққа барады.