«Барыс» есе жіберді

«Барыс» есе жіберді

Құрлықтық лигада өнер көрсететін елордалық клуб бұл жолы өз алаңында Череповец қаласының «Северсталь» командасын қабылдады.

Матч тең дәрежеде өтті және негізгі ойын уақытында да, қосымша уақытта да гол соғылмады. Жеңімпаз кездесу соңындағы буллиттер сериясында анықталды. Бұл сында қарсыластардың жолы болды. «Барыс» сарынан Джереми Бракко ғана берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Ал «Северсталь» хоккейшілері 3 рет мергендігімен көзге түсті. Осылайша, «Барыс» 57 ойында 33 мәрте жеңіліп, қазір Шығыс конференциясының 10-шы сатысына төмендеді. Ал плей-оффқа алдыңғы 8 команда ғана шығады. Оған ілігу үшін Андрей Скабелка баптайтын жігіттер алдағы мачтарда белсенді болуы қажет. «Барыс» кезекті кездесулерін де өз алаңында өткізеді. 27-ші қаңтарда Челябинск қаласының «Трактор», ал 29 қаңтарда Мәскеу қаласынуң «Динамо» командаларын қабылдайды.