Ол күні кеше Аустралия ашық чемпионатының финалына жолдама алған болатын.
Соңғы сында Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Айта кету керек, Азаренко әлемдік рейтингте 24-ші, ал Рыбакина 25-ші тұр. Осы жеңістің арқасында жерлесіміз бірден ондыққа көтеріледі. Бұл – Елена Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш. Бұдан бұрынғы үздік нәтижесі 12-ші орын еді. Жалпы Қазақстаннан бірде-бір теннисші үздік ондықта болмаған. Аустралия ашық чемпионатының финалы ертең өтеді. Оның аясында Елена Рыбакина тағы бір Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Қос мықты бұған дейін 4 рет жолыққан. Оның үшеуінде Арина жеңіске жетсе, біреуінде Еленаның жолы болды. Мельбурн қаласындағы турнир 29-шы қаңтарға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 54 млн АҚШ долларын құрайды.
